Алматыда студенттер лигасы басталады, Aлматы студенттік спорт әлеміндегі бірегей оқиға — 2025 жылғы студенттер лигасының алаңы болмақ. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен ұйымдастырылған лига студенттік спортты дамытуға бағытталған., Almaty Students Volleyball League. Официальный сайт

Новость

19 апреля

Алматыда студенттер лигасы басталады

19 апреля

Алматыда студенттер лигасы басталады


Турнирге қаланың 35 университеті қатысып, баскетбол, волейбол және футбол спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтайды. 

Жобаның негізгі ерекшеліктері:
•⁠  ⁠Лигаға қатысу толығымен тегін-кіру жарналары жоқ.
•⁠  ⁠Жарыс спорт федерацияларының қолдауымен өтеді.
•⁠  ⁠Барлық матчтардың тікелей эфирі Almaty TV News YouTube арнасында және лиганың ресми сайттарында қолжетімді болады.
•⁠  ⁠Турнирге қатысушылар мен жеңімпаздар медальдармен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен және арнайы номинациялармен марапатталады.

Лиганың негізгі мақсаты - студенттердің спорттық өсуі үшін платформа құру және талантты жастарды қолдау. 2025-2026 оқу жылынан бастап студенттер лигасы жүйелі бәсекелестік практиканы ұсынатын және жоғары оқу орындарында спорттық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесетін тұрақты чемпионат болады. 

Ашылу салтанатының кестесі:
•⁠  ⁠Футбол:19 сәуір, 15: 00 - "Жас Қыран" стадионы, Брусиловский көшесі, 134а.
•⁠  ⁠Баскетбол: 19 сәуір 17: 00 - Champ1on спорт кешені, Қожабеков көшесі, 6.
•⁠  ⁠Волейбол: 20 сәуір, 13: 00 - Балуан Шолақ атындағы спорт  сарайы, Абай даңғылы, 44. 

Жоба университеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және студенттер арасында дене шынықтыруды насихаттау арқылы білім беру ортасының маңызды элементі болуға дайын. Лига оқиғаларын қадағалаңыз және сүйікті командаңызға қолдау көрсетіңіз!